«ШЫМКЕНТ – БАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АШАТЫН ЕРЕКШЕ ҚАЛА»


Өзге өңірде өсіп-өркендеп, бүгінде Шымкент жастарын білім шыңына тәрбиелеп отырған ұстаз бар. Ол «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами.

Қарағанды облысының тумасы болған Арғын Ержанұлы 2017 жылы Шымкент қаласына алғаш рет ұстаздық еңбек жолын бастап, осы уақыт аралығында 16 оқушысы республикалық пән олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Лицей ұжымы жас маманды кәсіби тұрғыдан жоғарғы деңгейлі, өз қызметін білімділікпен басқара алатын, өзіндік талғамы мен талабын көрсете алған белсенді, жаңашыл ұстаз деп біледі. А.Бастамидің өзі еңбектің жемісі мен шәкірттерінің жетістіктері қаланың тыныс-тіршілігі және тұрғындардың мейірімділігімен байланыстырады.

–Бала күнімізден Шымкент туралы тек стеротив ойда болдық. Бұл қалаға келмеген, халқымен араласпаған адам шаһардың шынайы бейнесін біле алмаса керек-ті. Оқушыларымның ата-анасы арқылы жергілікті тұрғындарды таныдым. Қалаға келмей тұрғандағы қалыптасқан ойымның қате екеніне көз жеткіздім. Қонақжай, еңбекқор, халқының жүзінен мейірім төгіліп тұратын Шымкент – барлық әлеуетіңді ашатын ерекше қала.

Оқу үдерісіне шәкірттерінің қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етіп келген жас ұстаздің өзі де әдістемелік тұрғыдан үнемі ізденісте жүреді.

Ұстаздық жолын бастағанына көп жыл бола қоймаған А.Бастамидың еңбегі елеусіз қалмады. 2018 жылы 2017-2018 жылдың «Жыл сынып жетекшісі», «Дарын » Республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттары мен 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет граммотасы» табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ