ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрады
Шымкент қаласында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3095 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлім етті.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн. АҚШ долларына артқан. Нақты көлем индексі 126 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде 55,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған болаты.
Биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен. Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған.