ШЫМКЕНТ: Аудандық ардагерлер кеңесіне 43 делегат қатысты

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінен 43 делегат қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде кеңестің атқарылған жұмыстары баяндалып, алдағы жоспарлары пысықталды. Сонымен қатар, қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамына сайлау мәселелері қаралды.

Басқосуды қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев жүргізіп, бүгінге дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Оның айтуынша қаламызда 80 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың 16-сы Ұлы Отан соғысының, 3100-і тыл ардагерлері. Жиында 33 ардагер жаңа пленум мүшесі болып бекітілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Кенжехан Төлебаев, орынбасарлығына Жанпейіс Хобланов тағайындалды. Сондай-ақ, сөз алған Бекет Тұрғараев, Шалатай Мырзахметов қоғамдағы түйткілді мәселенің бірі бала тәрбиесі жөнінде ұсыныс пен ой-пікірлерін білдірді.

Жиын барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ардагерлердің ұсыныс пікірлеріне жауап берді. Ш. Жұмабекұлы конференцияға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, қалалық ардагерлер кеңесіне «Асыл жүрек» медициналық орталығынан кеңсе берілетінін, кеңсе ардагерлердің бас қосатын орнына айналатынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ