ШЫМКЕНТ: «Ашық» бағдарламасы кәсіпкерлерге мол мүмкіндік
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б. Парманов, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек және Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев аудан аумағындағы мониторинг топтардың атқарған жұмыстары бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Мобильдік топтардың құрамына ерікті түрде қоғамдық бірлестіктер, қалалық емханалар мен учаскелік полиция қызметкерлері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және ветеринария, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы басқармасының мамандары енгізіліп, мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Барлық аудан аумағында 10 мобильдік топ құрылған.
Абай ауданы аумағында мобильдік топ 2021 жылдың 1-26 шілде аралығында 3157 нысанға мониторинг жұмыстарын атқарды. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған 109 нысан анықталды. Нәтижесінде 1 шілде мен 28 шілде аралығында 68 нысанға айыпұл салынған, 19-ы полиция басқармасында қаралуда. Жыл басынан бері 6578 нысан тексеріліп, 519 нысанға айыппұл салынды. «Ашық» мобилді қосымшасына Абай ауданы бойынша 206 нысан тіркелген.
Қаратау ауданы аумағында 2 базар мен 12 ірі сауда үйлеріне және 121-ге жуық дәмхана, мейрамханалар мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға, аялдамалар мен қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізілуде.
2021-жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін 2759 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде карантин талаптарын бұзған 115 кәсіпкерлік нысан анықталып, 62 нысанға айыппұл салынған. Аудан бойынша «Ашық» бағдарламасына 77 нысан тіркелген.
Қазіргі таңда барлық кәсіпкерлік нысандарға “Ашыққа” тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы бойынша да мобильдік топтардың саны 6-дан 10-ға көбейтілді. Жалпы аудан бойынша 12 азық-түлік және азық түлік емес базарлар және 1 мал базары, 45 ірі сауда орталығы, 160 қоғамдық тамақтану орындары, 22 тойхана мен қабылдау үйлері, 680 ұсақ үй жанындағы дүкендер, 36 монша мен сауна орталықтары орналасқан.
Мобильдік топтар 28 маусым – 28 шілде аралығында 13 ірі сауда үйлері мен базарларда, 3487 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантин режимінің бұзылған 113 жағдай анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша мобильдік топ тарапынан аудандық СЭҚБ-ға тиісті баяннаттар жолданды.
Жыл басынан бері карантин режимін бұзған коммерциялық 490 нысанға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. «АШЫҚ» бағдарламасы бойынша Еңбекші ауданы бойынша 179 нысанға QR код берілген.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында құрылған мобильді топпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде санитарлық-эпидемиялық және шектеу шараларын сақтамаған жалпы 416 жеке және заңды тұлғалар анықталып отыр. Оның ішінде, 5 заңды тұлға, 18 жеке кәсіпкер, 12 лауазымды тұлға және 388 жеке тұлғаға хаттама толтырылған.
2021 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін 4763 нысанға (барлығы кәсіпкерлік) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған 172 кәсіпкерлік нысан анықталды.