Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: Асар-2 шағын ауданы тұрғындарының талап-тілегі орындалатын болды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Асар-2 шағын ауданындағы Алмаз көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.
Жергілікті халық жолды кеңейту жобасының тиімсіз екенін алға тартты. Осыған дейін жоба бойынша аталған көшенің енін 60 метрге кеңейту жоспарланған болатын. Алайда қала басшысы тұрғындардың шоғырлану ерекшеліктері мен өтініш-тілектерін ескере отырып, халыққа еш зияны тимейтін шешім шығаруға уәде берді.
Қала әкімі тұрғындармен кездесу барысында жауаптыларға көтерілген мәселеге байланысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тиісті басшыларға Бас жоспар негізінде азаматтарға «қызыл» сызық аумағына енбейтініне көз жеткіздіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

How to Find the Cheapest Flight to Indonesia

admin_bainews

Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артты

admin

Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жол пайдалануға берілді

admin