Шымкент: Алтынтөбе тұрғын алабында жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табады

  • Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.
  • Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
  • Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.
  • Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
  • Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.

 

  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ