ШЫМКЕНТ: Абай ауданында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Шымкент қаласының Абай ауданында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жалпы аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйдің 416 үйі орталық жылу жүйесіне қосылған. Үйлерге жылуды өз деңгейінде жеткізу мақсатында 6 насостық стансиясы мен 1 қазандық (көмір) жұмыс атқаратын болады.

Бүгінгі таңда аталған үйлердің ішкі жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, 395 үй жылыту маусымына дайын. Бұл 94,7 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, тұрғындарға сервистік қызмет көрсету мекемелеріне келісім шартқа тұрғызу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы аумағында 482 бюджеттік нысан орналасқан болса, бүгінгі таңда 474 нысан жылыту маусымына дайын. Яғни, нысандардың 98 пайызы алдағы жылыту маусымына әзір. Бұл жөнінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша қала әкімінің қатысуымен өткен жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков мәлімдеді. Сала жетекшісінің айтуынша, қаладағы 256 білім нысаны, 33 спорт және 14 әлеуметтік объектілердің барлығы жылыту маусымына дайын. Ал, денсаулық сақтаудағы 109 нысанның 94 пайызы, мәдениет саласындағы 70 нысанның 97 пайызы дайындалған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ