ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда:

А.Баққараев,
Арын қожа,
Ж.Ахметов,
Е.Алтынбекұлы,
О.Оралбайұлы,
№1 өткел көшелері,
М.Әуезов,
Қ.Бақбаев,
Б.Алпысбаев,
Б.Саттарханов,
Бейбітшілік,
№1, №2, №3, №4,
Орталық,
Агропром көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Шымкент Дор Строй» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Жобақұрылыс орталығы» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Атқарылған жұмыстар сапасы әкімдіктің жіті бақылауында екенін хабарлаймыз.

Одан бөлек аудан аумағы бойынша 23 елді мекен (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Бүгінде Алтынтөбе, Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 елді мекенге (Ынтымақ-2, Нұршуақ,) табиғи газ жүйесін  тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде.

ПІКІР ЖАЗУ