Шымкент: №8 бағытында енді сыйымдылығы жоғары автобустар қатынайды
Түркістан қаласында сыйымдылығы жоғары автобустар қатары артуда.
Бұл жолғы сыйымдылығы жоғары автобустар №8 бағыттарында қатынайтын болады.
Яғни, қолданыстағы №8 бағыттарында ескі автобустар жаңа қоғамдық көліктерге ауыстырылды.
“Жолаушы” ЖШС мәлімдеуінше, жаңа автобустардың ішінде жолаушылар жайлылығы үшін барлық жағдай қарастырылған.
Көліктің сыйымдылығы 25/56 жолаушыға лайықталған.
Ұзындығы — 8,5 метр, желдеткіш пен қоларбаға арналған пандус, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.