ШЫМКЕНТ: 600 азамат мемлекеттік грант көмегімен өз кәсібін ашты

Кәсіп бастаймын деген болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Солардың бірі –
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде Мемелекеттен қолдау тапқан қала тұрғаны – Сауле Абдукадирова.

Ол былтырғы жылдың шілде айында «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатысып, қолына сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа «Шаштараз ісі» бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде жобасы мақұлданып, 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді. Бөлінген қаражатқа керекті құрал жабдықтарын алып, қазіргі таңда тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

– Жалпы бұл бағдарлама кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібімді ашып, қазіргі таңда 50-ге жуық шәкірт тәрбиелеудемін – дейді Сауле Абдукадирова.

Жалпы, Шымкентте былтыр 4828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122 -аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195 өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

ПІКІР ЖАЗУ