Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: №35 автобус маршруты ұзартылды

Бүгінгі таңда №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі М. Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елдімекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен болатын. Жергілікті азаматтар М.Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.

Қазір № 35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус қосылды. Аталған маршрут 11 шағынаудан аралығын қамтиды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығы алдыңғы қатарлы заманауи технологиялармен жабдықталған

admin

Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде мақта терім науқанын сапалы ұйымдастыру мәселелері талқыланды

admin

Созақ: аудан басшысы құрылыс нысандарын аралып, жұмыс барсын бақылауға алды

admin