Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: 30 мың педагог полицейлермен кездесу өткізді

Полиция департаментінің бастамасымен, қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен соңғы кездері қоғамда белең алып бара жатқан интернет алаяқтық және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған маңызы зор жиын өтті.

Онлайн конференцияға Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Бейсенбаев, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Абзал Алибаев және қалалық білім басқармасының бастығы Жанат Тәжиева қатысты.

Сондай-ақ, білім басқармасына қарасты 361 мекемеден 30 мыңнан астам қызметкер қашықтықтан қосылып, баяндамашылардың ақпаратын тыңдады.

Өз кезегінде, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев ұстаздар қауымына алаяқтардың кең тараған айла -тәсілдері мен құйтырқы іс-әрекеттері туралы ескертті. Сәйкесінше, қарапайым сақтық шараларына нақты тоқталып, бірқатар салмақты мысалдар келтірді.

Ал, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жастар арасындағы есірткі дертінің қаупі туралы сөз қозғады. Бұл қылмыс санының артуына да интернет себеп екенін ашып айтты. Мұғалімдерге жасөспірімдер арасында профилактикалық дәрістер мен кездесулерді жиі өткізіп отыруды ұсынды.

Бір сағатқа жалғасқан шара соңында, қатысушылар тәртіп сақшыларына өздерін мазалаған сауалдарын қойып, толыққанды әрі мардымды жауап алды.

Сәйкес жаңалықтар

Республикалық «шахмат керуені» Түркістан қаласына келді

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қоры күн санап артып келеді

admin

Полицейлер рейд барысында заңсыз балық аулаудың екі дерегін анықтады

admin