ШЫМКЕНТ: 2500 азамат 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша кәсіптік білім алуда

Шымкент қаласының тұрғыны Умирбекова Гүлжан білім алып, ізденуден ешқашан жалықпау керек екенін дәлелдеп отыр. Ол биылғы жылы маусым айында қысқа мерзімді курста оқып, болашақта кәсіби тігінші маман болғанын мақсат етеді. 19 жасар қала тұрғыны «Профессионал» мамандарды даярлау, қайта даярлау және өзекті даму орталығында «Арнайы тігінші» мамандығы бойынша білім алуда.

«Мен 3 топтағы мүгедекпін. Денсаулығыма байланысты оқу бітіргелі ұзақ уақыт бойы жүмыссыз үйде отырған болатынмын. Көп ойланбастан, жұмысқа орналасуға көмектесер деген үмітпен, жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Онда қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізіліп жатқанын, ақысыз оқуға және жаңа дағдылар игеруге мүмкіндік барын естідім. Оған қуана келісіп, «Арнайы тігінші» мамандығын таңдадым»-дейді бағдарлама қатысушысы.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында және 1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында ал, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 2500 азаматты 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.

Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Айта кетсек, былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

ПІКІР ЖАЗУ