Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: №2 ХҚО-ның ғимараты жөндеуден өткізіледі

Қаратау ауданының №2 ХҚО-ның ғимараты жөндеуден өткізіледі

Қаратау ауданының №2 Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты (Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 240 квартал, 190 құрылыс) бөлімді жабу жоспарлануда. Шамамен, бөлім 13 қыркүйектен бастап бір айға жабылады.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлері ХҚО-ның басқа бөлімдеріне жіберілетін болады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қаратау ауданының №1 ХҚО жүгінуге болады (Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі,35).

Бұл ретте, дайын құжаттарды беру секторы екінші бөлімде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, eGovKzBot2.0 телеграм-ботында және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта өз бетінше алуға болатындығын ескеріңіз.
Компьютері жоқ азаматтар ХҚО ғимараттарынан тыс орналасқан egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана алады және Қаратау ауданда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары әкімдіктер мен оқу орындарының ғимараттарында орналасқан.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас – алма баққа оранған құтты мекен!

admin

Кентау: қала әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарымен кездесті

admin

“AMANAT” партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов референдумды қолдау үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды

admin