Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Шымқала кештері» қаланы әсем әнге бөледі

«Шымқала кештері» бүгінгі кеште «Арбат» демалыс аймағының қонақтарын әсем әнге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына демалыс күндерін мәнді өткізу мақсатында ұйымдастырылған ән-жыр кеші біраз уақыттан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Кеште «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері эстрадалық әндер орындап, әуезді әуен көрерменге ерекше әсер қалдырды.

-Сенбінің кешін асыға күтетін болдық. Жазғы уақытта басталған осындай кештің жалғасын тауып жатқанына қуаныштымыз. Қаланың мәдениетінің өсіп, көркейгені көңіл қуантады, — дейді қала тұрғыны Қазыбай Ботагөз.

Жаздың жайма шуақ күні кетіп, күздің ызғары сезіле бастағанда, ашық аспан астында шырқалған әсем ән көпшілікті жан жылуына бөледі. Көрермен қошеметі, соғылған шапалақ, бәрі де жарасым тауып, кештің сәнін кіргізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан музыкалық драма театры әзербайжандағы халықаралық театр фестиваліне қатысады

admin

Жайлы мектеп: нұршуақ шағынауданында 2 мың орындық мектеп салынуда

admin

Облыс әкімінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жиын өтті

admin