Швейцарияда паранжа мен ниқаб киюге тыйым салатын заң күшіне енді

 Швейцарияда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен ниқаб сынды адамның бетін толық жасыратын киім киюге тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ. ТАСС мәліметі бойынша, бұл тыйымды бұзған адамға 100-ден 1000 швейцариялық франкке дейін айыппұл салынбақ, яғни 110,2-ден 1102 долларға дейін.

Швейцария халқы 2021 жылғы наурызда аталған мәселені дауысқа салып, референдумға қатысты. Тыйымды қолдап сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы дауыс берді. Бұрын бұл шектеу тек Сент-Галлен және Тичино аймақтарында қолданылып келген.

Тыйымға ниқаб пен паранджа сияқты мұсылман діндарларының киімдері, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін балаклава ілініп отыр. Енді оларды дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге тыйым салынады. Дегенмен бетті жауып тұратын киімдер мен заттарды діни орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғау мақсатында киюге болады, – деп жазылған талап сипаттамасында.

Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз бөлігіне қатысты. Өйткені, саясаткер атап өткендей, ниқабты мұсылман әйелдердің тек 20-30 шақтысы ғана киеді.

ПІКІР ЖАЗУ