Шу, Тасты ауыл округ тұрғындарымен кезекті кездесу өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауыл округінде болып, халықпен кездесті. Жиын барысында ауыл округтерінде алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген Ж. Қаламбаев білім ордасы алдындағы жолға – жол кедергісін салу, Шу- Тасты ауылы арасындағы күре жол бойындағы сексеуіл – жол кедергісіне қиындық тудыруы және аталған ауылдарға жаңа жедел жәрдем көлігі қажеттігі секілді бірқатар жұмыстар өз шешімін тапқанын баяндады. Сондай-ақ Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталғандығы және Шу ауылында биылғы жылдың соңына дейін бір көше жарықтандыру іске қосылатынын жеткізді.

Тасты ауыл округінде Қазақстан және Амангелді көшелерін жарықтандыру және жүргіншілер жолы жақын уақытта шешімін табатынын айтты. Аталған жиында алдағы уақытта атқарылар жұмыстар туралы ауыл тұрғындарымен бөлісіп, тұрғындар сауалдарын қойып, аудан әкімі олардың өтініштерін тыңдады. Тасты ауыл округінде тұрғындар, Мәдинет үйі салынып берілсе деген талап тілектерін алға тартты. Аталған мәселе келер жылғы жоспарға енгенін және тиісті сметалық құжаттары дайын екенін жеткізді.

Аудан басшысы кездесуден соң, Шу ауылындағы фелдьшерлік акушерлік бекеті, Тасты ауыл округіндегі дәрігерлік амбулаториясы, “Қызғалдақ” бөбекжай-балабақшасы ғимаратында болып, оның жылу жүйесін қадағалап, ондағы қызметкерлердің жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

ПІКІР ЖАЗУ