Шолпан-Атада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті

6 қыркүйекте Шолпан-Атада (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны Ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды. Жиын алдында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров делегация басшыларымен кездесіп, қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті.

Отырыста ұйымға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің бірлескен жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Қылмыскерлерді іздеу, экстремизмге, есірткі қылмысына, заңсыз көші-қон мен киберқылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Жиын соңында бірлескен Декларацияға қол қойылды. Кездесуде сындарлы диалог құрылып, маңызды шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ іс-шара аясында Қазақстан Ішкі істер министрінің Әзербайжан және Түркия Республикасы ІІМ басшыларымен екіжақты кездесулері өтті, онда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың перспективалары айқындалды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/sholpan-atada-turki-memleketteri-ujymyna-mushe-memleketterding-ishki-ister-ministrlerining-kezdesui-otti/?fbclid=IwY2xjawFJQV9leHRuA2FlbQIxMQABHVTd1bRNyPdF1InggoPJZvQxl4WTrdz939YeuQG2B96Gx5h6CKg5wxmDzQ_aem_FqOVTbksVtKwxeiz5ucaIw

ПІКІР ЖАЗУ