Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шөкеев құрылғанына 4 жыл болған Түркістан облысының жағдайы туралы айтты

Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл уақыт өтті. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі қалыптасты. Жалпы ішкі өнім 1,6 есеге артып, 2 трлн 800 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы 9,6 млрд теңге болды. Қазір Түркістан облысында жыл сайын 824 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, — деді ол.

Шөкеев атағандай, Түркістан облысының индустриялық аймақтарында жалпы құны 32 млрд теңге болатын 44 жоба іске қосылды.

Оның нәтижесінде 2368 жұмыс орны ашылды. Өңірде 1150-ге жуық бизнес субъектісі жұмыс істейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. «БЖК-2025» бойынша 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. ШОБ-ті қолдау шаралары арқасында өндірілген өнім көлемі 47 пайызға өсіп, 1 трлн теңгеден асты, — деді Өмірақ Шөкеев.

Сәйкес жаңалықтар

Пострадавшим от финпирамид казахстанцам вернули 2,3 млрд тенге

admin

Түркістан облысында мұғалімдер жалған сабақтар үшін 4,2 млн теңге алған

admin

Шұбарсуда «AMANAT» назарындағы шаруа көп

admin