Шетелдік қонақтар полицияға алғысын білдірді
Шетелдік қонақтар Астана полициясына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген елорда қонақтары туристік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Полицейлер кеңес беріп және қажетті маршрутты ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар барлық туындаған сұрақтарға дайын жауап береді, бұл қатысушылар мен қонақтардың осындай ауқымды халықаралық іс-шарада өзін жайлы сезінуге ықпал етеді. Америкадан келген туристерге полицияның көмегі қажет болды, олар ойындарды тамашалап тұрғанда ұлдарын жоғалтып алған. Туристік полиция қызметкерлері жедел ден қойып, ата-анаға баласын тез табуға көмектесті. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында жағдай оңынан шешілді.
– Мен Америкадан келдім. Біз мұнда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін келдік. Біз осында келгенімізге өте қуаныштымыз, алайда мен ұлымды жоғалтып алып, көңілім түсіп кетті, оны қалай табатынымды қатты уайымдадым. Бақытымызға орай, мен ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін полицейді кездестірдім. Мен оған жағдайды түсіндіре алдым және ол маған ұлымды табуға көмектесті. Алғысымды білдіремін! – деп елорда қонағы шын жүректен алғысын білдірді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/sheteldik-qonaqtar-astana-politsiyasyna-alghysyn-bildirdi/