Шерзат ісі: Судья ауыспайтын болды

 Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында етуші судья Ержан Жанұзақов ауыспайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Қ. Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, шағым түсірген еді. Бұл мәселені Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Беймбетов қарады. Шағым қанағаттандырылмады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабында судьяға қарсылық білдірудің нақты негіздері көрсетілген. Қорғаушы тарап ұсынған уәждер – яғни, куәлар мен сарапшыларды сотқа шақырмау – бұл негіздерге жатпайды, – деді судья Беймбетов.