Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ «СТАЛИНГЕ ХАТ» ПЬЕСАСЫ САХЫНАЛАНДЫ

Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орайластырылған «Қазақ сөз өнерінің алыбы» атты дөңгелек үстелден соң мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Көркем прозасымен қазақ әдебиетінің қорын байытқан Шерхан Мұртаза драматургия жанрының да дамуына сүбелі үлес қосқаны баршаға белгілі. Осы ретте, дара тұлғаның қазақ театры сахнасының тұрақты туындысына айналған әйгілі «Сталинге хат» пьесасы аудандық мәдениет үйінде, аудан өнерпаздарының орындауында сахналанды.
Тұрар Рысқұлов пен Сталин арасындағы диалогты сомдаған аудан өнерпаздары көпшіліктің қошеметіне бөленіп, алғыстарын арқалады.
Шара жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған көпшілік өткізілген іс-шарадан жағымды әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында мұғалімдер интернетке қосылу үшін дала кезіп жүр

admin

Түркістан: «ҚЫС-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

admin

Мектепте өткен ерлік сабағы

admin