Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шауырмадан 650 адам уланып қалды

Түркияның Коджаэли провинциясында шамамен 650 азамат тауық етінен жасалған шауырмадан уланған. Бұл туралы аймақ билігі хабар таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ EurAsia Daily-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ Көрфез ауданындағы шауырма сататын орынның 300-ге жуық клиенті жүрек айнуы мен іштің ауыруына шағымданғанын жазған болатын.

Улану белгілерімен провинциядағы ауруханаларға жалпы 648 адам жүгінді. Олардың 646-сы үйіне шығарылды, екеуі әлі де ем қабылдауда. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — делінген ресми хабарламада.

Оқиғаға байланысты екі адам қамауға алынды.

Полиция шауырма сатылған сауда орнын жапты. Аймақтың ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы департаментінің мамандары тағам үлгілерін сараптамаға алып, шауырманың санитарлық талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп, тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады

admin

Түркістан: Түлкібасты дамыту барысындағы кемшіліктер ашық айтылды

admin

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

admin