Шауғардағы кезекті кездесу
✅ Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шауғар» секторында тұрғындармен кездесті.
✅ Бұл сектордың тұрғындары жыл басынан бері қала әкімінің атына 42 ұсыныс-тілегін жеткізген болатын. Қазіргі таңда, 42 мәселенің 35-і толық орындалса, 3-і іске асырылуда, ал 4 мәселе тиісті бөлімдермен заң аясында зерделенуде.
✅ «Шауғар» тұрғын алабында 27,6 шқ құрайтын 27 көше жарықтандырылды, көше жарықшамдары кезең-кезеңімен электр көзіне қосылуда. Орташа жөндеу жұмыстары 3 шақырымды құрайтын 2 көшеде жоспарланып, құрылысы басталды.
✅ Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) – 16 шқ құрайтын 15 көшеде құрылысын жүргізу жоспарланып, бүгінгі күнге 4,43 шқ құрайтын 5 көшеде құрылысы аяқталды, 10 көшеде құрылыс жалғасуда.
✅ Тас төсеу жұмыстары – ағымдағы жылы “Шауғар” тұрғын алқабына қарасты 9,2 шқ құрайтын 23 көшеге тас төселді.
✅ “Шауғарда” 2021 жылдан ауыз су желілерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Оның аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы. Жобадан тыс қалған көшелерді ауыз су желісімен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме анықталуда.
✅ Өткен кездесулерде бірқатар көшелерге кәріз жүйесін жүргізу мәселелері көтерілген болатын. Жалпы “Шауғар” мөлтек ауданың кәріз желісімен қамтамасыз ету 3 нысанға бөлінген. Қазіргі уақытта “Ортақ”, “Шауғар” сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету 1-кезек құрылысы жүргізілуде. Оның 1 нысаны қаржыландыруға ұсынылып, 1 нысан бойынша ЖСҚ-ы әзірленуде.
✅ Түркістан қаласын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ХҚТУ, “Яссы”, “Шауғар” тұрғын алқабында 10-0,4 кВ жоғары кернеулі заманауи «электр желісімен қамтамасыз ету жұмыс жобасы» іске асырылуда. Нәтижесінде замануи кабелдік жүйе іске қосылып, әр үйдің есептегіштері жаңартылады.