Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БизнесҚоғам

Шардаралық мүгедек жан өз кәсібін дөңгелетіп отыр

Шардара ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Ғалия Жолдасова кезінде тігіншілікпен де, аспаздықпен де айналысқан. Ол биыл «Бизнес бастау» жобасымен оқып, білімін арттырған. Бүгінде кәсіпкер әйел үй жағдайында тұшпара түюді қолға алған. Қазіргі таңда азаматша айына 1 тоннаға дейін өнім дайындай алады. Кәсібін кеңейтуге де ниетті.
«Мен манты, тұшпара түйемін, қысты күндері сорпа әзірлеймін. Барлығы қолжетімді бағада және сұраныс та жаман емес. Одан бөлек, дүкендерге де өткіземін. Қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырмын», — дейді кәсіпкер әйел.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Шардара ауданы бойынша 188 тұрғын «Бизнес бастау» жобасында білім алған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Теңге мен доллардың болашағы қандай? Экономистер болжам жасады

admin

Тегін үйірме: Мемлекеттік бағдарлама аясында заңбұзушылықтар анықталды

admin

«TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті

admin