Шардара: шаруалармен ақ алтын мәселесі талқыланды

Облыстық мәслихат төрағасының Шардара ауданындағы шаруалармен кездесуі Көксу ауылында жалғасты. Жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, облыстық штаб мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері, мақта өңдеу зауыттарының басшылары қатысты.

Мақсат, шарулардың шағымын тыңдап, биылғы науқан мақта жиын-терімінде орын алатын мәселелерге назар аудару.

Жиынға қатысқан шаруалар облыстық штаб мүшелеріне өз ойларын айтып, мақта жөнінде сұрақтарын қойды. Көпшілігі мақта қабылдау пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алуды сұрады. 100-ге жуық шаруа жиналған басқосуда мақта қабылдау пунктері мен мақта өңдеу зауыттарының басшыларына да қатаң ескертулер болды. Мақташылардың мәселесіне немқұрайлы қараған жауаптыларға да сын-ескертпелер айтылды.

Айта кетсек Көксу ауылында 8 мақта қабылдау пункті бар. Әр бір мақта пунктеріне мақта жиын-терімі аяқталғанша жауаптылар бекітілген. Бұдан өзге, әр ауылдық округтерде белгіленген комиссиялық топ жұмыс жасайды. Жалпы ауданда 8 жұмысшы топ бар. Жұмысшы топтың төрағасы Н.Абишов.

— Мақта қабылдау пунктерінде заңсыздық орын алған жағдайда біз бәріміз мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаймыз. Шаруаларға мақта терімі барысында қысым жасауды тоқтату керек. Сонымен қатар, биылғы жылы мақта өткізу кезінде шаруалар мақтаны арнайы келісім-шарт негізінде өткізу талабы қойылатын болады.»-деді Н.Абишов.

ПІКІР ЖАЗУ