Шардара: дүниежүзілік пошта күні атап өтілді

9 қазан – пошташылардың төл мерекесі. Дүниежүзілік пошта күні – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін халықаралық күндердің бірі.

Бұл күні Дүниежүзілік пошта одағы 14-ші конгресінің шешімімен одақтың 1874 жылы құрылған күні құрметіне атап өтіледі. Ал Дүниежүзілік пошта күні ретінде Пошташылардың дүниежүзілік одағының 1969 жылы Токиода өткен конгресінде жария етілді.

Айтулы мерекеге орай, ауданық пошта ғимаратында салтанатты шара ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, қала әкімі О.Айдосов, аудандық мәслихат өкілдері мен почта қызметшілері қатысты.

Жиынға қатысқан қонақтар сөз сөйлеп, пошта қызметшілері аудан әкімінің, мәслихат төрағасының және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара барысында әсем ән шырқалып, құттықтау сөздер айтылып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ