Шардара: бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Түркістан облысы Еңбек Мобильдігі орталығының Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының ұйымдастыруымен 2023 жылдың қыркүйек айының 25-жұлдызы күні «Еңбек күні» мерекелеу аясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге қатысушылар: жалпы жұмыссыздар, жұмыссыз жастар, пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, борышкерлер және еңбекке жарамды мүгедектігі бар азаматтар қатысты.
Жәрмеңкеге 22 жұмыс беруші мекеме қатысып, 60 жұмыс орын ұсынылды. Шараға 59 азамат қатысты.
Нәтижесі бойынша 23 азамат тұрақты жұмысқа жолданып, соның ішінде пробация қызметі есебінде тұратын 2 азамат, 1-борышкер азамат, еңбекке жарамды мүгедектігі бар 2 азамат жолдама алды. Ал 15 азамат практикасына кеңес алып жолданатын болды.
Бастау бизнес оқуына 9 азамат, қысқа мерзімді курстарға 8 азамат, күміс жас бойынша 4 қатысушы ниет білдірді.