“Шахтер-2014” жасөспірімдер командасы футболдан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

“Шахтер-2014” қарағандылық командасы футболдан АBU DHABI CUP 2024 турнирінде алтын медаль иеленді. БАӘ-де жарыс 2014 жылы туған ұлдар арасында өтті.

Жаттықтырушы Жәнібек Аллабергеновтың басшылығымен тоғыз матчта қарағандылық футболшылар сегіз рет жеңіске жетті. Қарсыластар қатарында БАӘ, Англия, Оман, Оңтүстік Африка, Үндістан, Ресей, Швейцария, Уганда және Испания командалары болды.

Топтық кезеңде сәтті өнер көрсеткеннен кейін “Шахтер-2014” күміс тордың финалына шықты. Финалдық ойында қарағандылықтар “Манчестер Ситиді” (Англия) 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Сұлтан Мамедов пен Ернар Мамитов соқты.

– “Манчестер Сити” – өте күшті қарсылас. Жігіттердің  жеңіске жеткені керемет. Сәттілік бізбен болды, әрине, олар турнирге көп дайындалды, жаттығады. Ұлдар мұндай мықты футболшылар бар шетелге қаншалықты жиі барса, соғұрлым олар күшті болады. Кем дегенде ақыл-ойлары жақсы шынығады, – дейді Жәнібек Аллабергенов.

Жеңіс үшін сыйлық биыл Қарағандыға келетін “Манчестер Сити” академиясының жаттықтырушыларымен екі күндік жаттығу лагері болды.

ПІКІР ЖАЗУ