ШАХМАТТАН АРДАГЕР, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА АУДАН БІРІНШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Төлеби ауданының 90 жылдығы және 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай шахматтан ардагер, зейнеткерлер арасында аудан біріншілігі өтті.

Жарысты марапаттау салтанатына зейнеткер Андас Оразалиев және Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Мақсат Тасполатов жеңімапаздары мен жүлдегерледі марапаттады.

Жарысқа 20 шахматшы ардагер қатысып, «Шахмат ойыны – спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет.

Шахмат ойынының жілігін шағып, майын ішкен ардагерлер ойынға дайындықпен келген. Тұтастай алғанда ойындар өте қызықты өтті. Тәжірибелі ойыншылар тамаша ойын комбинацияларын қолданды.

Жарыс қорытындысы бойынша, 75 жастан жоғары ардагерлер арасында І орынды Козиев Рахымжан, ІІ орынды Қалдыбеков Батыр, ІІІ орынды Тажибеков Сүйінбек жеңіп алды. 63-75 жас аралығындағы зейнеткерлер арасында І орынды Еримбетов Әбілқасым, ІІ орынды Умирзаков Султанбай, ІІІ орынды Мусабеков Назамбай иеленді.

Жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған медальдармен және дипломдармен табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ