Шағын және орта бизнес өкілдері марапатталды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 9 қыркүйек – «Қазақстан кәсіпкерлерінің күні» мерекесі болып бекітілуіне орай, бүгін аудан әкімі Төлеген Телғараев бірқатар кәсіпкерлерге Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгі мен аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

Кездесу Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында өтіп, жеке ісін бастап, табысқа жеткен, қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын ашып, көптеген адамға көмектескен азаматтарды аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді. Өз бизнесін ашып, қоғам дамуына үлес қосқан, қайырымдылық іс-шараларды, бизнес жүргізудің әлеуметтік және этикалық практикасын ілгерілеткен азаматтардың еңбегі аталып өтілді.

– Бүгінгі күні аудан аумағында 8 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жұмыстарын атқаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға назар аударып, қаржылай қолдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне аса мән беріліп, еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалатынын айтты. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Құрметті кәсіпкерлер! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жомарт жемістер әкеліп, табысқа жету жолындағы қызметтеріңізде қателіктер мен сәтсіздіктер болмасын. Сіздерге мықты денсаулық, өркендеу мен бақ-береке тілеймін,-деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ