«Сергек» Түркістанда жылдамдықты бұзушыларды анықтауға кіріседі

Түркістан қалалық полиция департаменті 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қалада «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жылдамдық режимінің жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу қызметі іске қосылатынын хабарлайды. Заң бұзушыларды 26 қиылыс пен жолдардың ең апатты учаскелерінде орналасқан 40 желілік учаскеде камера түсіреді. Ереже бұзышылықты полиция қызметкерлері тексеріп, электронды-цифрлы қолтаңбамен растайды. Протоколды egov.kz және qamqop.qov.kz сайттарынан жүктеп алуға болады.
Әрбір аппараттық-бағдарламалық кешен жол бойындағы жол қозғалысы ережелерін бұзуды жазып қана қоймай, сонымен қатар қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын бірнеше тар бағытталған және бақылау камераларынан тұрады. Сонымен қатар, жоба бойынша қалада 200 бейнебақылау камерасы орнатылып, құқық бұзу деректері жол қоз¬ғବлысы қауіпсіздігінің жедел ақпарат¬тық жүйесіне жіберіледі.
Жол қозғалысы ережесін сақтаған жүргізушілерге алаңдауға негіз жоқ. Ақпараттық жүйеге түскені және басқа да бұзушылықтар туралы айыппұл туралы нақты ақпараттар қосымша хабарланады.
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі алғаш рет 2017 жылы еліміздің астанасында пайда болды. «Сергек әсері» көлік жүргізу тәртібін жақсартуға және сәйкесінше өліммен аяқталатын жазатайым оқиғаларды азайтуға әсер етеді. Бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғаларындағы өлім көрсеткіші 43%-ға – 60 өлімнен 34-ке дейін төмендеп, кейінгі барлық жылдар бойына бірдей деңгейде қалып отыр. Алматыда 2019 жылы («Сергек» 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды) жол-көлік оқиғасынан 161 адам қаза тапты. 2020 және 2021 жылдары қайтыс болғандар саны екі есеге дерлік азайды – әр жыл үшін 84 адам.
Түркістан облысында 2021 жылы 712 жол-көлік оқиғасы орын алып, 319 адам қаза тапқан. Оның ішінде қаза тапқандардың 9-ы облыс орталығында тұратын.

Түркістан қалалық Полиция департаменті.

ПІКІР ЖАЗУ