Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сенаторлар Қазығұрт ауданында

  Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен С.Құртаев жұмыс сапарымен келді. Арнайы ауданымызға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.  

      Соңғы  10  жылда  аудан көлемінде алма баудың  көлемі  604 гектарға жеткен.  Ал, «Бірлік» өндірістік кооперативінде жүздеген аудан  тұрғындары жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған.

      Сонымен қатар, сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Құрылыс нысанының II, III кезеңдері бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс барысы тексерілді

admin

Шерзат ісі: Судья ауыспайтын болды

admin

«Алкоголь алып кетейін»: қожайын мен мародердің сөйлескен видеосы тарады

admin