Сенат Конституциядан “Назарбаев нормасын” алып тастауды қолдады
Сенат “Референдум туралы” заң жобасына енгізілетін өзгерістерді Мәжіліске қайтарды. Оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін бекітуге қатысты шектеу алып тасталады.
Сенаторлар Конституциялық кеңестің ұсынысын ескерді, деп хабарлайды Экспресс К.
Кеше Конституциялық кеңестің мүшелері Ата заңымызда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін белгілеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келген еді.
Бүгін Сенат депутаттары Конституциялық кеңестің кешегі қорытындысын ескере отырып, референдумға қатысты заң жобасын қайта қарап, өзгеріс енгізді. Заң жобасы Мәжіліске жіберілді,
Енді референдумда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының мәртебесіне қатысты мәселе талқыға түспейді.