Семинар сабағы өткізілді
Түркістан облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға дау айту санатындағы әкімшілік істерді қарау кезіндегі кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Байтурова, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Тәңірбердиев, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары М.Шарипов, С.Күсембаева, Ж.Дербісалиева, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті заң басқармасының басшысы А.Халтаев және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы А.Байдулла, Түркістан қаласы әкімдігінің заңгері С.Садуақас қатысты.
Судьялар камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға дау айту санатындағы әкімшілік істерді қарау кезіндегі сот практикасын қатысушылардың назарына салып, осындай істерді қарау барысында туындайтын сұрақтарды талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын ала алды.