Семей полигонының жабылғанына 32 жыл!

Талайлы тарихты бастан кешкен еліміз үшін Семей қасіреті XX ғасырдың шежірелі шері болып мәңгі қалды.

Бүгін түркістандықтар Семей полигонының құрбандарын еске алды.

Шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, қалалық«Ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахадыр Сержанов пен ядролық сынақ полигонын жоюға атсалысқан түркістандық ардагерлер қатысты.

Жиында сөз алған Ерлан Бақытжанұлы: Жан түршігерлік алапатқа тоқтау қойған қаулы тәуелсіз ел ретінде Қазақстанның алғашқы қабылдаған тарихи шешімдерінің бірі болды.

Зұлмат күндерде еліміздің болашағы үшін азаматтық міндетін абыроймен атқарған қандасымызға тағзым етеміз” деді.

Шара соңында ядролық сынақ полигонының түркістандық ардагерлеріне қала әкімінің алғыс хаты табысталды.

Жалпы, Түркістан қаласында Семей полигоны зардаптарымен күресуге қатысқан 579 ардагер бар. Оларға ай сайын 25 АЕК көлемінде жәрдемақы беріледі.

ПІКІР ЖАЗУ