Саяси қуғын-сүргін: Созақ поляктары

Қазақстанға поляктардың келуінің арғы негізгі тарихы 1831 жылы патша үкіметінің қоластында тұрған кезінде, поляктардың көтерілісі болды. Олардың көбісін соттады патша үкіметі, сол себептен олардың көбі жер аударған. Бұл бір үдіріс, екінше үдіріс поляктардың келуі 1863-1964 жылдары тағы да көтеріліс болды. Әсіресе Ресей патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы. Сол екі көтеріліске қатысқан поляктардың көбі жер аударылды. Поляктардың тарихын сонау 1831-1864 жылдардан бастасақ, жер аударылғандардың басым көпшілігі Қазақстанда, сол кезеңнен бастап жұмыс жасаған. Мысалы, Абайдың әкесі Құнанбай туралы жақсы пікірлер жазған  Адольф Янушкевич деген полякта жер аударылып келген революционер болатын. Олар ағартушы ретінде, сол кезеңде патша үкіметінің жүргізген саясатын өз көзімен көрген. Қазақтар жөнінде көптеген еңбек жазған.

Үстіміздегі жылы поляк халқының Қазақстанға жер аударып келгеніне 86 жыл толады. Бұл жер аудару 1936 жылы қаңтар айында басталды. Поляктардың көшірілулерінің басты себебі, қазіргі кездегі біздің пікірімізше кейін, 1939 жылғы 17 қырқүйекте Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны Сталиннің тікелей саясатымен азат етуі Совет әскерін кіргізген болатын, осыған алдын ала үш жыл бұрын бастау алған дайындық болса керек.

Тарихтың ақтаңдақ, алапес жылдары ел жадынан әлі өше қойған жоқ. Өткен ғасырымыздың 30-340-жылдары миллиондаған адам кеңестік тоталитарлық режимнің құрбаны болды. Ол құрбандар саяси жəне діни сенімдері үшін, əлеуметтік, ұлттық немесе басқа себептермен жазалауға ұшырады. Зорлықпен көшірілгендердің қатарында поляк халқы да  болды. Поляктарды зорлықпен көшіру КСРО батыс аймақтарының поляк тұрғындарын жер аударудан басталып, бірнеше кезеңмен іске асырылды. Поляктарды жаппай Сібір мен Қазақстанға жер аудару іске асырылды. Кеңес-поляк қатынастарының күрделі буындарының бірі поляктардың тұрғылықты жерінен қуылып, елдің шығыс аудандарына көшірілді. Шекараларға жақын аудандардан мыңдаған адамды жаппай көшіру кездейсоқ оқиға емес, кеңес үкiметi 1918-1923 жылдары халықаралық қатынастардан оқшау қалған «капиталистiк қоршаудағы жалғыз социалистiк ел» болды. «Капиталистік қоршауда» қалу туралы идея кеңес өкіметінің бүкіл Батыс елдеріне, өзінің көршілеріне сенімсіздікпен, күдікшілдікпен қарауына, үнемі «империализмнің тыңшылары мен халық жауларын» іздеуіне ұласты. 1954 жылдарға дейін Кеңес Одағындағы бірқатар ұлттар «сенімсіз» элементтер ретінде жер аударылды. 1920 жылғы кеңес-поляк соғысындағы жеңілістен соң Кеңес үкіметі Польшаны «бейбітшіліктің басты жауы» деп санады. Соған орай кеңес өкіметі Ресейде тұратын поляктарға қатысты арнаулы саясат бағыттарын белгіледі. 20-жылдарда негізгі əрекет поляктарды «буржуазиялық Польшаға» қарайламауға, кеңестік ниетте болуға тəрбиелеу үшін үгіт-насихат жүргізу болса, 30-жылдарда оларды болашақ «бесінші колонна» ретінде қарап, шекарадан алыс аудандарға жер аудару саясаты жүргізілді. Кеңес өкіметінің поляк мəселесіне айрықша назар аударғанын 1923 жылы 14-наурыздағы Əскери-революциялық кеңестің ерекше міндет орындайтын бөлімдерге берген № 141/20 бұйрығынан да көруімізге болады:

Онда «Қызыл Əскер партия ұйымында поляк ұлтының өкілдері немесе поляк тілін білетін басқа ұлт өкілдері бар екенін анықтау үшін бүкіл əскер бөлімдері бойынша РК(б)П мүше немесе кандидат поляктарды жəне поляк тілін білетіндерді айрықша есепке алу туралы бұйырамын» делінген. Есепке алу, əрине, Кеңес Одағының шекаралық аймақтарында тұратын поляктардың арасында əртүрлі жұмыстар жүргізуге қажетті адамдарды табу үшін жүргізілуі де мүмкін, сонымен қатар, осылайша анықталған поляктардың кейіннен жазаға ұшырау мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Кеңес Одағындағы поляктарға қарсы саяси жазалау шаралары 30-жылдары басталды. Жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізу барысында Украина мен Белоруссиядағы кулактар ретінде жер аударылуға тиісті топтарға бірінші кезекте поляк ұлтының өкілдері енгізілді. БК(б)П Орталық Комитеті Саяси Бюросының 1930 жылдың 5-наурызындағы «Шекара маңындағы облыстардағы поляк қоныстары туралы» қаулысы бойынша, Украина мен Белоруссиядан жер аударылатын топтардың ішінде бай кулактармен қоса поляктар аталды. Поляктарды Украинадан Қазақстанға көшіру 1936 жылы басталды. БК(б)П Орталық Комитетінің нұсқауымен Қазақстанның орталық партия жəне үкіметтік мекемелері 1936 жылдың ақпан айында батыс шекаралық аудандардан поляктар мен немістерді көшіру мəселесін арнайы талқылап, 16-ақпанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі «Украинадан көшіп келетіндер туралы» қаулы қабылдады. Бұл құжатта бір ғана Оңтүстік Қазақстанға – 5500 жанұя көшіріледі деп жоспарланды. Көшіп келгендердің басым бөлігі бұрыннан бар ұжымшарларға (колхоздарға) орналастырылады, сонымен қатар арнаулы жаңа қоныстар да құрылатын болды. 1936 жылдың 28-сəуірінде БК(б)П Орталық Комитеті Украинадан Қазақстанның Қарағанды облысына поляктар мен немістерді көшіру туралы мəселені талқылады. Шекараға жақын аймақтан – негізінен Житомир, Винница, Кировоград, Киев облыстарынан Қазақстанға 45 мың поляктар мен немістер (15 мың шаруашылық) көшірілуге тиісті болды. Көшірілгендер «саяси сенімсіз элементтер» деп аталды. Іс жүзінде 1936 жылдың жазы-күзінде Украинадан Қазақстанға 69283 адам көшіп келді, оның 75,7% – поляктар болды. Қаулыда көшірілген тұрғындардың азаматтық құқығы шектелмейтіндігі, олардың əкімшілік аудан шегінде еркін жүріп-тұра алатыны, алайда қоныстанған жерден басқа аймаққа кете алмайтындығы ескерілді. Көшірілігендерді жаңа жерге орналастыру, оларды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету мəселелері тұтастай Ішкі істер халық комиссариатына (НКВД) бағынатын Лагерьлерлердің жоғарғы басқармасына (ГУЛАГ) берілді. Тұрғын үй, тұрмыс мəселелерін шешуге қоныс аударушылардың өздерінің қаржысы да жұмылдырылатын болады деп жоспарланды.1936 жылы Қазақстанға поляктар мен немістерді көшіру екі кезеңмен іске асырылды: бірінші топтар маусым айында, екіншілері қыркүйекте көшіп келді. Маусымда 35 820 поляктар көшіп келді, оның ішінде 23 234 жасөспірім балалар болды. Поляктардың тағдырындағы бетбұрыс көшірумен ғана шектелген жоқ. 1937 жылдың 9-тамызындағы БК(б)П Орталық Комитетінің қаулысына негіздеп, 11-тамызда КСРО Ішкі істер комиссариаты (НКВД) «Поляк бүлдіргіш-тыңшылық топтарын жəне ПƏҰ (Поляк əскери ұйымының) бөлімдерін жою туралы» бұйрық шығарды. Негізінде поляк əскери ұйымы – 1915 жылы Ю.Пильсудскийдің басқаруымен Австро-Венгрия мен Германия жерінде Польшаны қайта қалпына келтіру жолында күрес жүргізу үшін құрылған. Алайда ұйым 1921 жылы тарап кеткен. Жоғарыда аталған бұйрық шыққан кезде бұл ұйым мүлде жоқ болатын. Соған қарамастан Украина мен Белоруссияның жеріндегі көптеген поляктар осы ұйымға қатысы бар деген жалған жаламен тұтқындалып жатты. Бұйрық бойынша, поляк əскери ұйымының аса белсенді мүшелері, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес жерінде қалып қойған поляк соғыс тұтқындары, Польшадан қашып келгендердің барлығы, поляк саяси эмигранттары жəне Польшамен алмастырылған саяси тұтқындар, Поляк социалистік партиясының жəне басқа да кеңес өкіметіне қарсы саяси партиялардың мүшелері, поляк аудандарындағы кеңес өкіметіне қарсы неғұрлым белсенді элементтер жəне ұлтшылдар. Ресейдегі революциялық оқиғалар мен азамат соғысы бірқатар поляк соғыс тұтқындарының еліне қайтуына бөгет жасады. Большевиктер де поляктардың еліне жылдам қайтып кетуіне барынша кедергі жасап бақты. Ақыры 1923 жылы «барлық уақытымен дайындалған эшелондардан қалып қойып, еліне қайтпаған жəне ұлттық төлқұжаты жоқ соғыс тұтқындары РКФСР азаматы болып саналады» деген қаулы шықты. Осылайша кезінде Австро-Венгрия əскері қатарында болып, тұтқынға түскен бірқатар поляктар 1937 жылы жазалау тырнағына ілікті. Бұйрық келген бойда Қызыл Əскер қатарындағы, Ішкі істер халық комиссариатының барлық буындарындағы, өнеркəсіп орындарындағы, кеңшарлар мен ұжымшарлардағы барлық поляктар тұтқындала бастады. 1937 жылдың 15-тамызындағы бұйрық бойынша, «бүлдіргіштік-тыңшылық қызметі» үшін жазаға ұшырағандардың əйелдері мен 15 жастан асқан балалары тұтқындалды. Əйелдерді Ерекше Кеңестер 5-8 жылға түрмеде отыру жазасына кесті, 15 жастан асқан балалар лагерьлерге, қатаң тəртіптегі колонияларға жіберілді. Жетім қалған 15 жасқа дейінгі балаларды балар үйіне орналастырды. Осылайша мыңдаған отбасылар түгелдей жазалау құрбаны болып кетті. 1937-1938 жылдары 134519 поляк азаматтары жазаға тартылды. 1937 жылдың 5-қыркүйегінде КСРО Ішкі істер комиссариаты (НКВД) поляктарды жазалау шараларын күшейтуге, тұтқындалған поляктарға 10 жылға дейін түрмеде отыру жазасын кесуге бұйрық берді. Бұйрық бойынша КСРО Ішкі істер комиссариаты мен Прокуратураның өкілдерінен «екіліктер» құрылды, оларға соттан тыс жаза беру құқығы берілді, қылмыстық істі сотталушының өзін шақырмай-ақ сыртынан, тізіммен тұтас қарау жүйесі бекітілді. 1939 жылы Польшаның шығыс аймақтарын Кеңес Одағына қосқан соң, қазан айының ортасына дейін басып алынған поляк облыстары мен Батыс Украина, Батыс Белоруссия аймақтарын күштеп кеңестендіру басталды. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия жерінен «еңбекші халықтың ата жауы» деп танылған осадниктерді арнайы поселкелерге қоныс аудару жұмыстары 1940 жылы 10-ақпанда басталды. Кеңес өкіметінің басшылары үшін Қазақстанның жері бүкіл əлемнің өздеріне ұнамаған халықтарын айдап апаратын «дайын тұрған» орасан зор түрмесі сияқты болды. 1939 жылы қыркүйек айының өзінде «Правда» газетінде: «Қазақстан даласы қоныстанушыларды күтуде», – деп жазды. Көшірудің келесі топтарынан 35 670 арнайы қоныстанушылар Қазақстанның жеріне келді. Олардың ішінен 26 771 адам əр облыстарда бесжүзден аса түрлі шаруашылықтарда қызмет атқарғаны мəлім. Қоныс аударушыларға жолға жиналуға бір-екі, ал кей жерлерде небəрі жарты сағат уақыт қана берген. Адамдарды жабдықталмаған жүк тиеуге арналған ескі вагондарға мінгізіп алып жүрді. Осы акциялардың құрбаны болған адамдардың естеліктері, құжатта көрсетілген мəліметтерден, əрине, жоғарыда мəтіні берілген нұсқаулардан əлдеқайда алыс жатқан шындық. 1940 жылдың қақаған сары аязында есігі мықты жабылған, ішіне от жағылмаған вагондармен аш-жалаңаш қалжыраған ересек адамдар мен балаларды апта бойы құлазыған даламен алып жүрген. Осының салдарынан алғаш Қазақстан мен Орта Азияға келгенде олардың көбісі əлсіз, əлжуаз ауру хəлде болды. Жергілікті көші-қон бөлімшесі қоныс аударушылар арасында дəрігерлік көмек, мектеп жəне басқа күнделікті мəдени шараларды іске асыру қажеттігі туралы республиканың, облыстардың денсаулық сақтау, ағарту жəне мəдени мекемелеріне хабар жіберді. Сондай-ақ жергілікті жерлерде оларға арнайы дəрігерлік көмектер көрсетілді. Дегенмен қаржы саласындағы тапшылықтарға байланысты оларға көздеген мақсатқа лайықты жағдайлар да жасала бермеді. Сонда да əр саладағы қиындықтарға қарамай-ақ мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында арнайы қоныс аударушыларды көкөніс, киім-кешек жəне ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жақсы нəтижелер беріп отырды. Қоныс аударушыларды бірінші кезекте адам қолы жетіспейтін колхоздарға жұмысқа қабылдады. Жергілікті ұйымдар поляк азаматтарын жұмыспен жəне пəтермен қамтамасыз етті. Алғаш келген кезде балалардың денсаулығының нашар, əлсіздігіне байланысты бала еңбегіне тыйым салынды. Жаңадан келіп жатқан арнайы қоныстанушылардың ішінде техниканы меңгергендер баршылық болғандықтан олардың есебінен əр облыстарда жаңа машина-трактор станцияларының саны көбейе бастады. Сонымен қатар алғашқы кезде қоғамдық пəндер бойынша арнаулы білім алуға рұқсат етілмесе де, мемлекет тарапынан шаралар жүргізіліп, жергілікті жерлерде поляк мектептері ашылып оларға арнап арнайы оқулықтар шығарылды. Комендатура қызметкерлері жер аударылғандарды арнайы журналдарда белгілеп, КСРО Ішкі істер комиссариаты белгілеген тəртіпке сай қатаң тұрғыда бақылап отырды. Жер аударылғандар əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту бақылаудың тікелей тергеуі негізінде жүргізілді. Жер аударылғандардың күн тəртібі олардың негізінен бастапқы тұрғылықты жері мен дəрежесінің шығу тегіне байланысты болды. Жұмыспен жəне жергілікті жерлерден баспанаға ие болған қоныс аударушыларға КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің №1142-208с қаулысына байланысты «арнайы қоныс аударушылар мен олардың балаларына тұрып жатқан жерлерінен төл құжат беру туралы» арнайы бұйрық шықты. Поляктарды көшірудің тағы бір кезеңі 1940 жылдың сəуір-мамыр айларында іске асты. Бұл көшіру поляк офицерлерінің отбасыларын қамтыды. 1940 жылдың 7-наурызында КСРО Ішкі істер халық комиссары Л. Берия осы үш лагерьдегі поляк соғыс тұтқындарының отбасыларын Қазақстанға жер аудару туралы бұйрық берді. Поляк офицерлерінің отбасыларын Қазақстанға 10 жылға жер аудару 15-сəуірден басталады. Жер аударылатын отбасылардың толық тізімдері 30-наурызға дейін толық жасалып болуы қажет. Поляк офицерлерінің отбасыларының құрамында əйелдері, балалары, отбасымен бірге тұратын əке-шешелері, аға-інілері мен апа-қарындастары саналады. Жер аудару операциясы бүкіл Батыс Украина мен Батыс Белоруссияда бір мезгілде таңғы алаң-елеңде басталады. Арнаулы топтар жер аударылатын отбасыларының үйіне тінту жасап, қару-жарақ, контрреволюциялық əдебиет, шетелдік ақша іздейді. Жер аударылатын отбасыларының қозғалмайтьын мүлігі мен сауда-өнеркəсіптік меншігі тəркіленеді. Жер аударылғандардың босап қалған тұрғын үйлері мен шаруашылық құрылыстары Қызыл Əскердің қызметкерлеріне, Украина мен Белоруссияның батыс облыстарына іс-сапарға жіберілген партия-кеңес қызметкерлеріне беріледі. Жер аударылатындарға қажетті керек-жарақтарын жинауға 10 күн беріледі. Тұтқындағы поляк офицерлерінің отбасыларын есепке алу нəтижесі 31-наурызда жеделхатпен Ішкі істер министрлігіне хабарлануға тиісті. Украина мен Белоруссияның батыс облыстарында тұратын поляк соғыс тұтқындарының отбасыларын жер аудару туралы Л. Берия қол қойған бұл құжат 1940 жылғы 2-наурыздағы БК(б)П Орталық Комитетінің шешіміне жəне Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысына негізделген болатын. 1940 жылдың 20-наурызында Л. Берия Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссары С.Н. Бурдаковқа Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан жер аударылатын поляк соғыс тұтқындарының отбасыларын қабылдауға дайындалу туралы бұйрық берді. Бұйрықта Қазақстанға тұтқын поляк офицерлерінің, жандармдарының, полиция қызметкерлeрінің, барлаушыларының, ірі помещиктері мен фабриканттарының, ірі мемлекеттік қызметкерлерінің 25 мың отбасыларының – шамамен 75-100 мың адамның Қазақстанға 10 жылға жер аударылатыны хабарланып, оларды орналастырудың тəртібі белгіленді. Олар Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Семей облыстарына орналастырылады. Жер аударылғандарға тек сол орналасқан аудныныда ғана жүріп-тұруға рұқсат беретін төлқұжаттар беріледі. Жер аударылғандардың арасында міндетті түрде тыңшылық жұмыстар ұйымдастырылады. Қазақстанның мекемелері осы жер аударылатындардың қандай бекетке келетіні, қалай орналастырылатыны, осы жұмысқа жауапты қауіпсіздік қызметкерлері туралы мəліметтерді орталыққа хабарлап отыруға тиісті. Осы нұсқаулардың негізінде 1940 жылы 4-сəуірде Қазақ Кеңестік социалистік республикасының Ішкі істер Халық Комиссариаты Қауіпсіздік бөлімі арнайы бұйрық шығарды. Онда Қазақстанның əр облысы немесе əр ауданы өкілдері жергілікті жерлердегі бекеттерден поляк азаматтарын қабылдап алып, орналастыратын жерге əкеліп, бірінші кезекте оларды баспанамен қамтамасыз етуге тиісті болды. Екіншіден, жер аударылған контрреволюциялық элементтерді жергілікті халықтан алшақ ұстау керек. Үшіншіден, олар қашып кетпеу үшін алдын-ала бақылау орнату керек. Сондай-ақ, поляк тардың осы жерде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жасауына жол берілмеуі керек. Осындай арнайы талаптар ісе асырылуымен қатар барлық жераударылып келген поляктарды 1939 жылғы №001223 КСРО ішкі істер Халық Комиссариатының Бұйрығына сəйкес тізімге алулары керек екендігі қоса ескертілді. Созақ ауданына 1936 жылдың өзінде 500-ге жуық поляк азаматы (100-ден астам отбасы) қоныстанады деп жоспарланған болатын.  Бұл жер аударылған поляктардың басым бөлігі әскери қызметшілердің отбасылары еді. Жоғарыдағы бұйрыққа сай оларды ең шалғайдағы Созақ өлкесіне аттандырады. Олар аудан орталығы Шолаққорған қыстағына келген соң, ауылдардан бір-бір колхоз басшылары, ауылдық кеңес төрағалары қоса шақырылып Қозмолдақ, Созақ, Тарса, Балдысу, Көкбұлақ, Абай,  Бабата, Аққолтық, Құмкент, Құрсай, Қызыл Қанат, Бақырлы, Шаға және тағы басқа да ауылдарға 5-6 отбасыдан бөлінеді. Қайсыбір жылы Созақ ауданының тарихында қалған ақтаңдақ оқиғалар ретінде қалған Созақ көтерілісі, кешегі қуғын-сүргін жылдары Созақ ауданын паналап келген поляк ұлты азаматтарының талайлы тағдырлары көз алдымызда тұр.

2018 жылы болса керек, Польша мемлекетінен «Сібірге жер аударылғандар және саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу  Быстшицскі қоғамдық ұйымының» төрағасы Януш Кобрынь  есімді поляк азаматы ауданымызға келді. Ол алдымен аудандық мұрағат бөлімінде болып, жергілікті азаматтармен әңгімелесті. Қоғам өкілдерімен созақтық  Есмұратова Ұмсын, кентаулық Өткелбаев Расылбек, мұғалім Дүйсенова Салтанат еркін отырып тарихи естеліктерімен ой бөлісті. Януш Кобрынь мырза аудан әкімінің орынбасары Бағдат Бегманұлы Айдарбековтың жеке қабылдауында болып, өзінің келген жұмыс сапары жөнінде және алдағы тың мақсаттарымен, жосарларымен ой бөлісіп, пікір алмасты. Негізінде көне көз кісілердің айтуы бойынша    кешегі зұлмат жылдары поляк азаматтарының  ауданымызға жер аударылып келіп, кейін Шолаққорған ауылының Абай көшесі бойындағы бұрынғы монша, тас қойма деп аталатын қойманың төменгі орны маңайында, орталықтағы Созақққа шыға беріс оң қапталдағы зиратта жерленген жерлері бар. Біз бұл тақырып төңірегінде соңғы он жылдың көлемінде тереңірек зерттеп, зерделеп жүрген жайымыз бар еді. Сондай-ақ біздің қолымыздағы деректер Алдағы уақыттарда сол жердің біріне шағын ескерткіш тақта орнатып, Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, оларды хабардар етсек. Кеңестік кезеңде тағдырлары бір арнаға тоғысқан Созақ ауданы мен Польша Республикасы арасында рухани және іскерлік байланыстар орнатылса, Қарабұлақ елді мекенінде, Қозмолдақ, Шолаққорған ауылдарында поляк ұлттары ғұмыр кешкен, олардың бүгінгі көзі тірі ұрпақтарымен елшілік қызметкерлерін жүздестірсек, Созақтан еліне көшкен поляк азаматтарының ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылса екі мемлекет арасындағы байланыстың берік болуына зор септігі тиер еді деген ойға тірелдік.

Сол аласапыран жылдарға қайта оралсақ, қысы суық, жазы аптапты ыстық. Шөлді, шөлейтті аймаққа оларға тез сіңісіп кету қиындық тудырды. Алғашқы уақытта бір жылдың ішінде 50-ге жуық азамат көз жұмды. Жер аударушыларды жергілікті қараша халыққа адамның етін жейді, кәпірлер, олар дуа жасаушылар, жалғыз-жарым адамды алып кетеді деген өсек-аяң таратып оларға халықтың жақындамауы үшін түрлі құйтырқы әрететтер жасалды. Алайда олардың ішінде басым көпшгілігі дәрігер, фармацепт, мұғалім мамандары болғандықтан халыққы зор көмектері тиіп тұрды. Жергілікті халық әлгі шолақ белсенділер айтқандай ешқандай да адам жегіштер емес екендіктерін кһздері анық жете бастады. Сол уақыттағы түрлі жұқпалы аурулар жұқтырған, түрлі жаралары меңдеген халыққа поляк ұлтының азамаматтары қол ұшын созды. Әу баста барлық жағдайларң болады деп алып келген әскерилер поляк азаматтарын әр үйге бөліп тастайды да жайларына кетеді. Оларға ауыл тұрғындары ауласынан, қорасынан, ескі тамдардар бөлмелер тауып береді. Келесі көктемге дейін жаз шыға өздерне баспана салып алуға әрекеттер жасайды. Ал өкіметтен ешқандай көмек берілмейді. Стыковский, Новаковскаялар, Ольховтар сияқты поляк отбасылары Созақ жеріне  мықтап сіңісіп, елдің тұрмыс тршіліктеріне мойын ұсына бастайды. Эрена Новаковская есімді ару Қозмолдақ ауылының тұрғыны, Бейсенбі деген азаматқа тұрмысқа шығып, үлкен отбасыға айналады. 2018 жылы  «Эрена» туралы шағын дастаным жазылды. Ал деректі әңгімем сол жылы Польша мемлекетінің «ВРАМА» журналына поляк тілінде жарық көрді.

Поляк ұлтының Созақ жеріне қалай келгенін осының алдындағы мақалаларда айтқан болатынмын. Оған қайта тоқталмай келген кездегі өмірлеріне тоқталайын. Соғыстың алдында ғана келген олар елдің қиын жағдайын өз көздерімен көрді. Ел аштықтан босып, ішерге ас, киерге киім таппай қиналып жатты. Мысалы, мына іргеміздегі Балдысу ауылына 7-8 адамдарды бөлді. Сол жылдары ауылдың азаматы Жұмаш деген кісі колхоздың бригадирі екен. –Атам айтып отыратын- деп бастады әңгімесін Жұмаш қарияның немересі Нұрғали.

Келгеннен кейін қонақ-поляктарды орнластыруды маған жүктеді. Мен оларды бөліп-бөліп босаған ескі үйлерге орналастырдым. Қолдағы барымызбен бөлістік, жер жағдайын, бұл елдің немен қоректенетінін, немен айнлысатынын, аң-құс атып жеу үшін жер жағдайынан хабарсыз поляктарға әркім-әркім жарты таба нанын, бір уыс бидайын апарып беретін. Олар күні бойы далаға шықпай үйлерінде отыратын. Отты орта жағып (пеш жоқ) оның түтүні төбедегі тесіктен шығып жататын. Елдің де айтарлықтай бере берері болмағандықтан олар далаға шығып кетіп қоңырбас шөпдің дәнін жинап қуырып жей берді. Ақырында уланып өле бастады. –деген әңгімесі әлі есте.Жұмаш қарияның өзі 1900 жылы туылған.Соғыс басталғанда 41 жаста екен. Жасы соғысқа келмейді деп колхозға жұмысқа алып қалады. Жұрттар Жұмаш соғыстан қашып жүр деген әңгіме шыға бастайды. Алайда үш ұлын соғысқа жіберген Жұмаш өзі сұранып 1943 жылы соғысқа аттанады. Соғыста өлген солдаттарды жинап жүріп өзінің ұлы Сәрсенбектің өлігін өзі тауып алады. Соғыстан оралған соң әкери билетін жыртып тастап соғысқа бармағандардың қатарында қалады. Кейін ешқандай құрметтер мен шақырулардан бойын аулақ салып мен соғыста өз баламның жаназасын шығарған адаммын» деп күбірлеп отырады екен. Сол уақытта азын-аулақ малдарынан құрт істегендер бір уыс құрттарын апарып береді екен. Көктемде егіс егуге шығып колхоздың жұмысын істеп жүреді екен. Мына Қозмолдақ ауылында Құтжанов Нұртай деген қария өткен. Оның да тағдыры Жұмашқа ұқсас Ол туралы Нұртайдың баласы  Сайфулла былай дейді:

Атамыз Құтжан Теріскейде сағыз шөптің бастығы болған екен. Орысша мен арапшаға тіл сындырған. Қасында әкеміз Нұртай бірге жүреді екен. Жасы сонда 12-14-терде болыпты. Содан жиналған сағыз шөптерді Кентау мен Ащысайдағы орталыққа апарып өткізеді екен. Сөйтіп жүріп сол жердегі орыстармен шүлдірлеп сөйлегендерден зерек бала аздап орысша тіл сындырады. Осы зеректігі болды ма әкем Молотов колхозында учетщик болып жұмыс жасайды. Еті тірі пысық балаға «орысша білесің» деп поляктарға жауапты етіп қояды. Содан поляктардың аш-жалаңаштығы Нұртайдың мойнында болады. Ауылға 11 поляк бөліп берілген екен. Келгеннен кейін көп күн өтпей төрт поляк ауыр жолды, аштықты, аурудан өледі. Қалған жетеуін ертіп алып Тілеуқабыл деген кісінің айғыр есегін сұрап алып Қойбағардан өздері тұратын Алмалыға әлгі есекпен ағаш тасып баспана тұрғызып алады. Жеті поляктың да ұсталықтан хабары бар екен. Кейін Нұртай жасы жетпесе де сұранып соғысқа кетерде әлгі поляктар жылаған екен. Нұртай кеткенше олар дилы болып қалған еді. Ол кеткесін поляктар шетінен қайтыс бола бастайды. Құдайдың құдіретіне не шара Нұртай Польша жеріне түседі. Ол солай Польша жерін фашистерден азат етуге қатысады.

Әлде де поляк азаматтары жерленген жерлер туралы білетіндер болса, олар туралы аталарынан, әжелерінен естіген әңгімелері естерінде қалған азаматтар болса газет редакциясына, тікілей маған хабарласуларына болады. Ол деректер біздің тарихымызды тани түсуімізге зор көмек болар еді.  Кеңес Одағының алыс аудандарына, Қазақстанға, Орта Азияға жəне Сібірге көшіріліп, осындай еріксіз қуғын-сүргінге ұшыраған поляк азаматтарының тағдыры 1941 жылы Германия Кеңес Одағына соғыс ашқаннан кейін Кеңес Одағы мен Лондондағы Польша эмигранттық үкіметі арасында болған саяси келіссөз біраз жеңілдіктер алып келді. 1941 жылы 12- тамызда Кеңестік Одақтағы поляк соғыс тұтқындары мен азаматтарына кешірім (амнистия) жарияланды. Алайда арнайы жер аударылған поляк азаматтарының кейбір бөлігі бостандық алғанымен өздері қалаған жерлерге орналаса алмады. Поляк азаматтары туған жерінее екінші дүниеүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ғана оралуға мүмкіндік алды. 1989 жылдың 14-қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесі зорлықпен жер аударылған халықтарға қарсы қолданылған жазалау шараларын заңсыз жəне қылмыстық сипаттағы əрекет деп бағалаған Декларация қабылдады.

ПІКІР ЖАЗУ