Сауран тұрғын алабында әкім тапсырмасы бойынша жүйелі жұмыстар жасалды

 

Түркістан қаласының алты секторында қала әкімі жеке- жеке кездесулер өткізген болатын.

Жүздесу барысында тұрғындардың талап- тілектері тыңдалып, шаһар басшысы орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына және сектордың меңгерушілеріне тапсырмалар жүктеді.

Сауран секторында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің кездесуінде 84 тапсырма берілді.

Берілген тапсырмалар нәтижесінде, О. Жарылқапов пен Самал мөлтек ауданында жаяу жүргінші жолағы сызылып, Ахмет ата көшесіндегі жаяу жүргінші жолағы ретке келтірілді.

Жұмыс іздеп келген тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.
№6 қоғамдық көлік қатынасы қайта жүргізіліп, Алпамыс батыр және Желтоқсан, Ә. Молдағұлова, Сәуірбаев, М.Әуезов, Асанов көшелеріне тас төселді.

Одан бөлек, Сарыарқа көшесіне көше жарықшамдары орнатылды.
Сонымен қатар, Алпамыс батыр көшесіндегі тұрғын өтініші бойынша үйінің құжаты заңдастырылды.

№1 мөлтек ауданы жолдарына асфальт төселді.

Бүгінгі таңға тапсырмалардың 29-і нақты орындалды. 13-і орындалу үстінде, қалған тапсырмалар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

ПІКІР ЖАЗУ