Сауран: тәуелсіздікке үлес қосқан азаматтар мен көпбалалы аналар марапатталды

 Бүгін Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев желтоқсан оқиғасына қатысушыларды тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен сый-сияпатын табыстады. Сонымен бірге, мереке қарасаңында Алтын және Күміс алқа иегерлері марапатталып, құрметке бөленді.

 “Тәуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны баршаға аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын мереке”, – деді Серік Өмірханұлы.

 Мерекелік шарада ауданымыздың демографиялық дамуына үлес қосқан Алтын және Күміс алқа иегерлері де марапатталып, төсбелгілері мен куәліктері табысталды. Жиында аудан бойынша 12 батыр ана марапатталса, соның 5-і Алтын алқа, 7-сі Күміс алқа иеленді.

ПІКІР ЖАЗУ