Сауран: Шаға ауылдық округі тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамтылды

 Сауран ауданын сенімді электр қуатымен қамту – басты мәселенің бірі. Бұл жұмыстың шешу жолдарын аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы басты назарға алып, Шаға ауылдық округіне барды. Аталмыш ауылдық округте жергілікті бюджеттен 8 дана қуаттылығы 160 кВА құрайтын трансформаторлар орнатылуда. Оның қуаты енді электр энергиясын еш алаңсыз пайдалануға мүмкіндік береді.

 “Трансформатор — айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы. Алдағы уақытта олардың санын арттыру да күн тәртібінде тұр. Халықты және әлеуметтік сала нысандарын электр энергиясымен жабдықтауды жақсарту мақсатында трансформатор орнату жұмыстары жүйелі жалғасын табатын болады” – деді аудан әкімі.

 Шаға ауылдық округінде 2 дана трансформатор іске қосылып, 3 данасы бүгін орнатылды. Қалған 3 дана трансформатор орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Нәтижесінде нысандар сапалы электр қуатымен қамтылады.

ПІКІР ЖАЗУ