Сауран: республикалық ақпараттық насихаттық топ жастармен кездесті

Сауран ауданында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жастармен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Кездесуді ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды.

 Жиынға дінтанушы, ғалым З.Жандарбек, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, аға оқытушы, ХҚТУ доценті С.Оразбай, Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

 Кездесуде келген қонақтар жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені жайында ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог мамандары жан-жақты жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ