Сауран: өрісі кеңейген отандық өнім

Саурандағы жарнаманы қажет етпейтін ірі өндіріс ошақтарының бірі – “ТАК MEBEL” ЖШС 20 жылға жуық тарихы бар мекеме жиһаз шығарумен айналысып келеді. Бүгінде атадан балаға жалғасқан өндіріс саласын Құдайбергенов Құдрет Тілеубергенұлы басқарып отыр. “Шорнақ” ауылдық округінде жиһаз нарығында үстел жəне орындық өндіретін алып кəсіпорын алғашында 6 ғана адаммен жұмысын бастаса, қазір мұнда 100 ден астам адам еңбекке тартылған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.

Республика нарығын түгелдей дерлік жаулаған аталған жиһаз цехының өнімдері 2013 жылы Республикалық “Алтын сапа” байқауына қатысып, “Іскер” номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Осыған орай арнайы сыйлыққа ие болып, ҚР Индустрия жəне даму министрінің Алғыс хатын алған.

Сондай-ақ, отандық өнім өндірушілер арасындағы облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы болған ұжымның жұмысы 2015 жылы да ерекше бағаланып, кəсіпорын жиһаздары “Қазақстанда жасалған” логотипімен шығарыла бастады.

ПІКІР ЖАЗУ