Сауран: мешіт құжаттарын заңдастыру талап етілді
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты мешіттердің құжаттарын заңдастыру мақсатында арнайы жиналыс болып өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Аудандық орталық мешіттің мәліметіне сәйкес, 37 мешіттің 3-де мемлекеттік актісі жоқ атап айтқанда, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніндегі «Аш-Шариф», Иассы ауылдық округі, Шобанақ елді мекеніндегі «Махмут ата», Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Үлгілі» мешіті.
Сондай-ақ, 32 мешітте мекен-жай тіркелімі (адресный регистр) жоқ, атап айтқанда, «Тағайлы ата», «Әбдімәлік ата», «Әш-Шариф», «Имам Ағзам», «Жаңа Иқан», «Иқан», «Қаумиддин ат-Итқани», «Хазіреті Дәуіт», «Юсуф ата», «Ар Рахман», «Нұртас», «Қалымбет ишан», «Еңбекші Диқан», «Фатиха», «Бостандық», «Әбдікәрім ата», «Махмут ата», «Жұмаділлә», «Ахли ислам», «Мысыр», «Иман нұры», «Бабай», «Үлгілі», «Дәуіт», «Шорнақ», «Сунақ ата», «Байғозы батыр», «Аша», «Майдантал», «Сауран», «Бибі айша» мешіттері.
Шорнақ ауылындағы орталық «Дервши али» мешітінің техникалық жобасы жасалмаған, қалған барлық құжаттары заңдастырылған. Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде орналасқан «С.Қожанов», Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекені «Гүрзіхан» мешіттерінің құжаттары ғана толық біткен. Ал, Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені «Бабай» мешітінің құжаттары қайта жаңартылуда. Қазіргі таңда Жүйнек ауылдық округі, Шыпан елді мекенінен сыйымдылығы 300 адамдық жаңадан мешіт құрылысы, Шекербұлақ елді мекенінде мешіт жанынан жаңадан сыйымдылығы 300 адамдық мешіт ғимараты, Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекенінде мешіт жанынан жаңадан сыйымдылығы 100 адамдық мешіт ғимараты салынуда.
Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені және Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде жаңадан медресе ғимараты салынуда. Көптеген мешіт ғимараттарының мемлекеттік актісінде жалға алу мерзімі өтіп кеткен, қабылдау актісі жасалмаған. Аталған жағдайлар мешіт ғимараттарының заңдастырылуына кері әсерін тигізіп отыр.
Жиын соңында осы аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.