Сауран: қызылша ауруына қарсы атқаралып жатқан жұмыстар қаралды

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың қатысуымен аудан көлемінде қызылша ауруының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Жиналысқа дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нүрділла Мырзагелдиев қазылшаға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 Қаулысына сәйкес, қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қызылшаға қарсы егу бойынша аудан көлемінде барлығы – 6787 адам жоспарланған. Аудан аумағында жаппай иммундауға жоспар бойынша 6 қарашадан бастап егу жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында жаппай иммундауға 6787 адам жоспарланып, соның бүгінгі таңға 1133-не вакцина егілген. Бұл жалпы жоспарланған адамның 16,7% құрап, орындалуы төмен болып отырғанын жеткізді. Бұл бағытта тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу мақсатында көптеген ұсыныстар айтылды.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ