Сауран: қызметтердің сапасын арттыру бойынша семинар өтті

Сауран ауданы  әкімшілігінде «Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша семинар өткізілді.

Семинарға дербес бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппаратының   мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысты.

Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Абубакиров Бекзат Сейдуллаевичтің төрағалығымен өткізілген семинарда  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген  өзгерістер бойынша айтылып, арнайы мамандар тарапынан бірқатар талқылаулар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бас маманы Серік Өмірзахов бейнеконференция арқылы қатысып,  мамандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге жаңадан енгізілген  өзгерістерге қатысты сұрақтарына жауап берді.   

Семинарда бірқатар салалар бойынша ашық диалог жүргізілді және мемлекеттік қызметтердің бизнес- процесстері талданып, оны жетілдіру жолдары талқыланды .

Семинар барысында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру, қызметтерді алудың тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңінен талқыланып,  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында электронды мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті деңгейінде ұйымдастырылуы ұсынылды.

ПІКІР ЖАЗУ