Сауран: гүл сұлулық қана емес, табысты бизнес!
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет тарапынан қолдау да көп. Түрлі бағдарламалар қабылданып, өзім үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесті шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауыл округінде орналасқан жасыл өсімдіктер өсірумен айналысатын “Дильназ” жеке кәсіпкерлігіне арнайы барды. Кәсіпкер жылыжайда жыл он екі ай түрлі үй және көше өсімдіктерін өсірумен айналысады. Мұнда роза, хризонтема, лотус, пиотония, сонымен қатар, шырша, жеміс ағаштары өсіп тұр. Көздің жауын алады. Сирек өсіретін гүлдерді Қытай, Голландия елдерінен тапсырыспен алдырады. -Әрбір гүлге ерекше күтім керек. Жұмысы көзге көрінбейді. Ұқыптылықты талап етеді. Гүлдер адамның қамқорлығын сезінеді,- дейді кәсіпкер Дильназ ханым. Жайқалған гүлдерге сұраныс көп. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі бар. Кәсіпкер гүлді суаруда заманауи технологияларды қолданып жатыр. Дильназ ханымның қоластында ауыл адамдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер өндіруді қолға алған.
Кәсіпкердің тіршілігімен жіті танысқан аудан әкімі кәсіпті дамыту үшін әрдайым қолұшын созуға дайын екенін айтты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеруде шағын кәсіптің маңызы зор. Аудан қазынасын еселеудің бірден бір көзі де осы орта бизнесті дамыту. Аудан тұрғындарында кәсіппен айналысуға деген ынта зор. Тек жергілікті билік қолдауын тоқтатпаса дейді.