Сауран: ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылық саласының ардагерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары мен тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137,4 гектар, биылғы жылға 44082,3 гектар егістік жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1945,0 гектар артық егілген. Ал, 2024 жылға биылғы ағын су тапшылығы себепті жоспар 1082,0 гектарға төмен қойылып отырғанын атап өтті.
Түркістан магистральдық каналынан ағын су ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші 10 күндігінен бастап босатылып, 6-шы мамырға дейін берілген. Ал, 6 мамыр мен 12 маусым аралығында (37 күн) егістік алқаптарға су босатылуы тоқтатылған. Бұдан кейін «Бөген су» қоймасынан ағын су бітуіне байланысты 1 тамызда тағы да тоқтатылып отыр.
Ағын су мәселесін шешу үшін Түркістан облысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған жол картасы жасалған. Жол картасы бойынша «Бөген» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылдың маусым айына дейін 148,0 млн теңгеге жобалық сматалық құжатама әзірленуде. Бұдан бөлек, Сауран ауданында ветеринариялық-санитариялық ғимараттармен қамтылуы бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы үш жақты келісім-шарт бекітілген.
Сібір жарасы ауруымен ауырған мал көмілген орын мен мал өлекселерін тастайтын орындардың санитарлық қорғаныш аймағы радиусы 1000 метр болып бекітілген. Алайда аудан аумағында орналасқан 6 дана сібір жарасы ошағының жанынан жеке және заңды тұлғаларға 332 жер телімі берілген.
Жыл сайын мақта бағасы төмен түсуде, бұл шаруалардың еккен егістік көлемін ақтамай отыр. Оның үстінде ағын су мәселесіде өзекті екенікөпшілік тарапынан айтылды. Сондықтан шаруалар мақта дақылының орнына, ағын суды аз тұтынатын және жаңа технологияларды қолдана отырып, (тамшылатып, жаңбырлатып суару) мал азықтық дақылдарға немесе басқада егістік дақылдар егу жолдарын қарастыру қажеттігі айтылды.
Жиында «Тұран Су» мекемесінің өкілі Дархан Әбдішәкір өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәжіліс барысында шаруалар ағын су мәселесі туралы көптеген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ағын су мәселесі бойынша жиналыстың қорытындысы негізінде арнайы қоғамдық кеңес құрылды. Аталмыш кеңес алдағы уақытта ауылдық округтерге арнайы барып, қажетті жұмыстарды жүрізетін болады.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауыл шаруашылық бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.