Сауран: аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандағы бір топ кәсіпкерлермен кездесті. Онда кәсіпкерлікті дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттары бойынша сөз қозғалды. Жиында аудан әкімі кәсіпкерлердің жобаларымен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аудан қазіргі таңда инвестиция тартуға қолайлы аймақтардың бірі болып саналады. Аймақтың географиялық шоғырлануын ескеретін болсақ, ауыл-шаруашылығы мен туризм бағытында инвестиция тартуға әлеуеті жоғары болып отыр. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметіне сәйкес, облыстық басқарма тараптан ауданға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023 жылға 30,1 млрд. теңге болып бекітілген. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысымен 28,0 млрд. теңгені құрап, жоспар 142,1% орындалып отыр.
Кездесуде кәсіпкерлер жеке-жеке өздері тарапынан атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Аудан әкімі кәсіпкерлердің әрбір бастамасына қолдау көрсетіп, ауданның әлеуетін дамыту бағытында бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, аудан көлемінде қайта өңдеу бағытында жұмыстарды жандандыру керектігін жеткізді.