Сауран: “Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы” атты байқау өтті
Бүгін Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен аудандық білім саласы қызметкерлері арасында «Ата-баба дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты ата-баба дәстүрін жастардың санасына сіңіре білумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды. Шарада аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының өкілдері қазылық етті.
Аталмыш байқауға ауылдық округтерден төрт команда қатысып өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық дәстүрімізді дәріптей білген байқаудың нәтижесінде І-орынды М.Балақаев командасы иемденіп, өзгелерден оқ бойы озық шықты. Ал, жүлделі II-орынды Сауран командасы лайық деп танылды. Жүлделі III-орын 2 командаға бұйырды, олар М.Әуезов пен Бабайқорған командалары еншіледі. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне аудан әкімінің Алғыс хатымен сый-сияпаттары табысталды. Байқау жеңімпазы М.Балақаев командасы облыстық сайысқа жолдама алды.