Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сәтбаевта «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшылардың наразылығына қатысты «Қазақмыс» ЖШС түсініктеме берді.

Мән-жайды анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық екенін жеткізді.

Кеншілер еңбек жағдайларын жақсарту, жабдықтарды жаңарту және еңбекке жарамсыздық пайызын 29 дан 50-ға дейін арттыруды талап еткен.

Сәйкес жаңалықтар

«Amanat» партиясы мен бастауыш партия ұйымы өкілдерінің қатысуымен салтанатты кеш өтті

admin

Шымкент : Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспаналарды жекешелендіруге болады

admin

Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр

admin